Қасиетті Ораза айт пен Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістан қаласының I мөлтек ауданында азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді өнімдер ұсынылуда.
Жәрмеңкеге Арыс қаласы, сондай-ақ Сайрам, Түлкібас және Ордабасы аудандарынан келген шаруалар қатысып, сүт және ет өнімдері, көкөністер мен өзге де азық-түлік тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға ұсынуда.
Сонымен қатар, «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тұрақтандыру қоры арқылы жеткізілген өнімдер нарықтағы бағадан 30–40 пайызға дейін төмендетілген бағамен сатылып, қала тұрғындарына тиімді мүмкіндік жасалуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1186097?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау