Астанада Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы аясында «Байқоңыр» ауданындағы Ататүрік саябағында ерекше әрі әсерлі іс-шара өтті. Көктемнің жаңаруымен астасқан мереке күні 5 жас жұптың некесі салтанатты түрде қиылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Махаббат пен адалдықтың символына айналған бұл маңызды сәт көпшілік алдында, ұлттық дәстүрлермен үйлестіріле отырып ұйымдастырылды. Жас жұбайларға ақ жаулықты аналар тілектерін айтып, жиналған қауым ізгі ниеттерін жеткізді.
Салтанатты рәсім мерекелік концертпен қатар өтіп, ұлттық әуендер мен көтеріңкі көңіл-күй ерекше атмосфера қалыптастырды. Бұл іс-шара Наурыз мейрамының мән-маңызын арттырып, жаңа отбасылар үшін берекелі бастаманың жарқын белгісіне айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1186668?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау