ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ – БОЛАШАҚ КІЛТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Наурызнама онкүндігі аясында мектеп-интернатта робототехника және заманауи технологиялар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылар белсенді қатысып, өз жобаларын көпшілік назарына ұсынды.
 
Іс-шараға аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай,аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, сондай-ақ сала басшылары қатысып, жас дарындардың еңбектерімен танысты.
 
Шара барысында оқушылар жасанды интеллект (AI), ақпараттық технологиялар (IT) және робототехника бағыттары бойынша әзірлеген жобаларын таныстырып, цифрлық білім саласындағы жетістіктерін көрсетті. Жас өнертапқыштардың жаңа технологияларға деген қызығушылығы ерекше байқалды.
 
Сонымен қатар, оқушылар халықаралық деңгейде де жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Атап айтқанда, A.E.R.D командасы байқауда жүлделі орын иеленіп, финалға жолдама алса, Tolebi Daryn командасы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды.
 
Көрме қонақтардың зор қызығушылығын тудырып, жас таланттарға қолдау көрсетілді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың жан-жақты дамуына серпін беріп, олардың болашаққа сенімді қадам жасауына ықпал етеді.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1185961?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version