Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар елорданың жергілікті бюджетіне бірқатар нақтылауларды қолдады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Әлімқызы Түгелбаеваның айтуынша, «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен іске асыру шеңберінде қала 6,2 млрд. теңге мөлшерінде қосымша қаржыландыруды тартуды жоспарлайды, бұл 7 инфрақұрылымдық жобаны уақытылы аяқтауға мүмкіндік береді.
Жекелеген коммуналдық желілерді салу және реконструкциялау Қосшығұлұлы, Амман, Мұхамедханов, Айтматов көшелерінің, сондай-ақ Эллингтон және Агрогородок белсенді құрылыс аудандарында тұрақты жылумен және электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, 12 жайлы мектептерге желілерді жеткізуді аяқтау, сондай-ақ Үркер тұрғын алабында балабақша ашу рәсімдерін бастауға басымдық тәртіппен қаржыландыру қамтамасыз етілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-usbp/press/news/details/1186618?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау