«Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында азаматтық қару иелеріне тексеру жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде учаскелік полиция инспекторлары азаматтық қару иелерін тексеру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтық қарудың заңды сақталуын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері:

  • қаруды сақтау талаптарының сақталуын,

  • рұқсат құжаттарының жарамдылығын,

  • қаруды заңсыз пайдалану деректерінің бар-жоғын анықтайды.

Ерекше назар қаруды сақтау шарттарына аударылуда: қару арнайы сейфтерде сақталуы тиіс, ал оқ-дәрілер бөлек орналастырылуы қажет.

Іс-шара барысында анықталған заң бұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Сонымен қатар, азаматтарға қаруды қауіпсіз сақтау мен пайдалану талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1186251?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version