2026 жылғы 19–28 наурыз аралығында Маңғыстау облысы аумағында «Демалыс» жедел профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және олардың қатысуымен жасалатын заңбұзушылықтардың жолын кесу.
Негізгі бағыттар:
-
Жасөспірімдер арасындағы құқықтық тәртіпті нығайту;
-
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-
Ата-аналар мен заңды өкілдердің жауапкершілігін арттыру.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыздар. Олардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, заң талаптарын сақтауына көңіл бөліңіздер. Бірлескен күш-жігер арқылы біз балаларымыздың қауіпсіз болашағын қамтамасыз ете аламыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1186204?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау