Құрметті жерлестер!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі, табиғаттың жаңаруын, жақсылық пен ізгіліктің бастауы саналатын Ұлыстың ұлы күні – 22 Наурыз мейрамымен өз атымнан және барша депутаттар атынан шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – халқымыздың сан ғасырлық тарихынан бастау алатын, ұлттың рухани байлығын, мәдениеті мен дәстүрін дәріптейтін ұлық мереке. Бұл күн – өткенге тағзым жасап, жаңа жылға үмітпен, ізгі ниетпен қадам басатын ерекше кезең.
Халқымыз ежелден осы күні бір-біріне ақ тілегін арнап, «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деп бата берген. Бұл – береке мен молшылықтың, татулық пен ынтымақтың белгісі. Наурыз күні әр шаңыраққа қуаныш пен шаттық, ырыс пен береке кіріп, жүректер мейірімге, достыққа толады.
Ұлы дала халқына тән қонақжайлылық, бауырмалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді асыл қасиеттер дәл осы мерекеде айрықша көрініс табады. Наурыз – бірлік пен татулықтың, өзара түсіністік пен сыйластықтың мерекесі. Сондықтан біз ұлттық құндылықтарымызды қадірлеп, қоғамымыздың тұрақтылығы мен дамуына бірлесе еңбек етуіміз қажет.
Әсіресе, өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбие беріп, ата-бабадан мирас болған салт-дәстүрімізді сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті болып, әр шаңыраққа ырыс-несібе, қуаныш пен молшылық орнасын.
Елімізде тұрақтылық, халқымызда бірлік пен ынтымақ нығайып, әрбір отбасыға амандық пен бақ-береке тілеймін.
“AMANAT” партиясының Отырар аудандық
филиалының және аудандық мәслихаттың
төрағасы Ұзақов Уалихан Жамалханұлы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-otyrar/press/news/details/1185958?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау