Орал қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі аясында балаларға арналған мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Зиннатұлы қатысып, бүлдіршіндерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.
Мерекелік бағдарлама барысында ұлттық дәстүрлер кеңінен насихатталып, сахналық қойылымдар мен концерттік нөмірлер ұсынылды. «Ғасыр жастары» театрының қойылымы, «Салтанат» би ансамблінің өнері және жас өнерпаздардың шығармашылығы көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар балалар ұлттық ойындарға қатысып, мерекелік шашу шашылып, Наурыз көже ұсынылды.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын таныстырып, олардың туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көңілді әрі мазмұнды өткен ертеңгілік балаларға ерекше қуаныш сыйлап, Наурыз мейрамының шынайы рухын сезінуге мүмкіндік берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1186011?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау