Шара Наурызнама онкүндігі аясында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылды. Квест Actionbound мобильдік қосымшасы арқылы өтіп, 10–13 жас аралығындағы оқушылар қатысты.
Қатысушыларға тақырыптық станциялар бойынша маршруттар ұсынылды, әр станцияда танымдық және ойын сипатындағы тапсырмалар болды. Маршрут барысында:
Командалық сынақтар – арқан тарту сияқты ұлттық ойындар арқылы бір-бірін қолдап, күш-қуаттарымен сынасты.
Ағылшын тілін меңгеру тапсырмалары – қызықты викториналар мен жұмбақтар арқылы ағылшын тілінде танымдық ойындар болды.
Интеллектуалды викториналар – білім мен тапқырлықты айқындайтын сұрақтарға жауап беріп, өз қабілеттерін шыңдады.
Бұл квест – тек ойын ғана емес, сондай-ақ достарыңмен бірге уақыт өткізіп, білім мен дағдыларды дамытуға арналған тамаша мүмкіндік. Әр станциядан өтіп, тапсырмаларды орындаған сайын сіз Наурыз мерекесінің тарихын, дәстүрін жақынырақ танып, қызықты тәжірибе жинады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1186484?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау