ҚМДБ-ға қарасты Түркістан облысы, Төлеби ауданы, орталық «Нұр» мешітінде Ораза айт мерекесі мен қатар келген Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында елімізде кеңінен атап өтіліп жатқан Ұлттық спорт ойындары күніне орай ұлттық ойындар насихатталып, жамағатқа мерекелік көңіл күй сыйланды. Атап айтқанда, «Асық ату», «Садақ ату», «Арқан тарту», «Қол күресі», «Гір тасын көтеру» сынды сайыстар өткізіліп, қатысушылар жоғары белсенділік танытты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Мерекелік шара барысында ауданның бас имамы Үсен Саурбаев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Ахтаев және «Төлеби спорт клубы» басшысы Нұргелді Құлышов сөз сөйлеп, ұлттық ойындардың маңыздылығы мен оның жас ұрпақ тәрбиесіндегі орнына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, ардагерлер кеңесінің қатысуы іс-шараның тағылымдық мәнін арттырып, ұрпақтар сабақтастығын айқындай түсті.
Аталған іс-шара дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау