Сіздерді көктемнің шуақты да шырайлы мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – жаңғыру мен түлеген тіршіліктің, ізгілік пен мейірімнің, татулық пен сүйіспеншіліктің мерекесі.
Бұл мереке халқымыз үшін әрдайым бірлік пен берекенің, ынтымақ пен ырыстың символы болып келген. Наурыз – өткенге тағзым жасап, болашаққа сеніммен қарайтын ерекше кезең. Көктеммен бірге келетін жаңару лебі адамдардың жүрегіне үміт ұялатып, жақсылыққа деген сенімді арттырып, жарқын болашаққа жетелейді.
Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа құт-береке дарытып, ел ішіндегі бейбітшілік пен келісімді одан әрі нығайта берсін.
Қадірлі жарқайыңдықтар! Сіздерді тағы да Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, Отанымызға тыныштық пен өркендеу, халқымызға бақ-береке тілеймін. Әр отбасына зор денсаулық, шаттық пен молшылық, татулық пен ынтымақ серік болсын. Көктемнің нұрлы мерекесі әр үйге қуаныш пен құт әкелсін!
Жарқайың аудандық
мәслихаттың төрағасы А. Әлжанов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1186215?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау