Сарыағаш ауданына қарасты Құркелес, Көктерек және Тегісшіл ауылдық округтерінде магистральды ауыз су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Атқарылып жатқан жұмыстарды барысын өңір басшысы Арман Абдуллаев саралады. Жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар беріп, жобаның белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуының маңыздылығына ерекше назар аударды.
Жоба жалпы 13 шақырымдық аумақты қамтиды. Қазіргі таңда диаметрі 450 мм болатын 2 500 метр ауыз су құбыры тартылған және жұмыстар Көктерек кенті мен Құркелес ауылдық округі аумағында жалғасуда. Аталған жобаның нәтижесінде Дархан, Нұрлы жол, Еңкес, Құлтума, Таскескен, Тегісшіл, Мәдениет, Жылысу, Жаңаталап, Береке елді мекендері, сондай-ақ Көктерек кенті сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, аудан әкімі Сарыағаш қаласына қарасты Телемұнара және Көктөбе шағын аудандарын ауыз сумен қамтитын су қоймасындағы жағдайды тексеріп, жер асты сулары дебитінің төмендеуі мәселесін зерделеп, жауапты сала басшыларымен арнайы жиын өткізді.
Жиынға «Қазсушар» РМК «Оңтүстік ауыз су» филиалының бас инженері Б. Жанбосынов, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы С. Қарақұлов, су жеткізуші мекеме басшысы Б. Секеров және ТСЖ өкілдері қатысты.
Талқылау қорытындысы бойынша қосымша су көздерін қарастыру туралы шешім қабылданып, жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктелді.
Айта кетсек, Сарыағаш қаласының Көктөбе және Телемұнара шағын аудандарын ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған құрылыс-монтаж жұмыстары 2018 жылы басталып, 2019 жылы пайдалануға берілген. Негізгі су көзі – жер асты сулары.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1186246?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау