САРЫАҒАШ: ҚҰНЫ 800 МЛН ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН «ӨНДІРІСТІК ПАРК» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

Сарыағаш қаласының кіреберіс аумағында құны 800 млн теңгені құрайтын «Өндірістік парк» жобасының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев нысан басына арнайы барып, құрылысын жоспарлаған кәсіпкерлермен кездесті.

 

Жоба барысын бақылау аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жүктелсе, жалпы жұмыстарды үйлестіру және қадағалау міндеті салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары Нұрполат Талиповқа тапсырылды.

 

Жалпы аумағы 6,5 гектарды құрайтын өндірістік аймақта қазіргі таңда іргетас құю, жерді тегістеу және инженерлік-инфрақұрылымға қажетті дайындық жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылдың қазан–желтоқсан айлары аралығында жеке кәсіпкерлер тарапынан жерді тегістеу жұмыстары атқарылған. Ал өндірістік ғимараттардың құрылысы инвесторлар есебінен жүзеге асырылатын болады.Сонымен қатар, өндірістік аймаққа қажетті инфрақұрылымды жеткізу мақсатында қосылу нүктелері анықталып, тиісті схемалар әзірленген.2025 жылы 5 нысанның құрылысын бастау жоспарланған болатын. Жобаны іске асыру нәтижесінде аудан экономикасына 800 млн теңге инвестиция тартылып, 85 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1186240?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version