Наурызнама аясында аталып өтетін Ұлттық спорт күні – ұлт рухын жаңғыртып, ата дәстүрді дәріптейтін маңызды мерекелердің бірі. Биыл бұл айтулы күн тарихи Түркістан төрінде ерекше ауқымда ұйымдастырылуда.
Наурыз мерекесі қарсаңында заманауи халықаралық атшабар пайдалануға беріліп, ұлттық спорттың 10 түрінен ірі жарыстар өтуде. Бұл – дәстүр мен заманауи дамудың үйлесім тапқан айқын көрінісі.
Іс-шара аясында:
– Көкпардан Әлем чемпионаты
– Аударыспақтан «Қазақстан қабыланы» турнирі
– Дәстүрлі садақ атудан Азия чемпионаты
– Теңге ілуден Азия кубогы
– Жамбы атудан республикалық турнир
– Аламан бәйге
– Асық атудан Әлем кубогы
– «Толағай» алыптар сайысы
– Қазақ күресінен «Түйе палуандар» турнирі ұйымдастырылуда
Аталған жарыстар – ептілік пен ерліктің, күш пен парасаттың, ұлттық болмыстың айқын көрінісі.
Сонымен қатар, мыңнан астам адамның бір мезетте асық ойнап, әлемдік рекорд орнатуы – тарихи оқиға ретінде тіркелмек.
Бүгінде Түркістан тек рухани астана ғана емес, ұлттық спортты дамытуға бағытталған халықаралық орталыққа айналып келеді.
Ұлттық спорт – өткеннің мұрасы ғана емес, болашақтың қуатты ресурсы.
Ұлттық спорт күні құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1186105?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау