ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 100 ОҚУШЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында, берекелі айдың соңғы күнінде Кемеқалған ауылдық округінде игі шара ұйымдастырылды. Ауылдық округ әкімдігінің бастамасымен, меценат, қоғам қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері Әсет Қайыпбековтің демеушілігімен округ аумағындағы 7 білім беру ұйымынан жиналған 100 оқушыға арнайы сыйлықтар табысталып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
 
Аталған қайырымдылық шарасы – өскелең ұрпаққа қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың білімге деген ынтасын арттыруға, жүректеріне мейірім мен ізгіліктің дәнін егуге бағытталған игі бастама.
 
Осындай ізгі іске қолдау білдіріп, балаларға қамқорлық танытқан демеушіге мектеп ұжымдары мен ата-аналар атынан шынайы алғыс білдіріледі.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1185965?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version