Жақсы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті елу үшінші сессиясы өтті.
Сессия барысында аудандық мәслихат төрағасының 2025 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. Сонымен қатар, аудан аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, туристік жарна мөлшерлемесін бекіту және аудандық бюджетке өзгерістер енгізу сияқты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес, аудан әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу және бекіту мәселелері де депутаттар назарына ұсынылып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия қорытындысы бойынша қаралған барлық мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданып, алдағы жұмыстардың бағыттары айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhaksy/press/news/details/1186309?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау