Жоғары аудиторлық палатада халқымыздың төл мерекесі Әз-Наурызға арналған «Наурызнама» апталығы аясында мерекелік іс-шаралар өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жаңарған мерекелік формат негізінде ұйымдастырылған шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және ұжымдық бірлікті нығайтуға бағытталды.
Апталық барысында Жоғары аудиторлық палатаның қызметкерлері «Көрісу күні», «Шаңырақ», «Ұлттық киім» күндері сияқты тақырыптық күндерге белсенді қатысты. Қызметкерлер арасында «Бата беру», «Ұлттық киім», «Ақ дастархан» номинациялары бойынша жарыстар өтті.
Мерекелік шаралардың шыңы ретінде ұйымдастырылған Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген Айт мерекесіне ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптейтін дастарқан жайылды.
Жоғары аудиторлық палатаның басшылығы ұжымды мерекемен құттықтап, апта нәтижесін қорытындылады. Жеңімпаздарға сый-сияпаттар табысталды.
Бұл іс-шара тек мерекелік жиын ғана емес, сонымен қатар Наурыз мейрамының ел іргесінің бүтіндігі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызын дәріптейтін, мемлекеттік қызметшілердің бойында патриоттық рухты оятуға және мәдени мұрамызды құрметтеуге бағытталған маңызды қадам.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/1186573?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау