«Астана Опера» театрында «Айсұлу» операсы сахналанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Астана Опера» театрында Ұлыстың ұлы күніне арналған арнайы мерекелік кеш өтті.  Сыдық Мұхамеджановтың «Айсұлу» операсы театр кіреберісінде театрланған қойылымнан бастау алды.

Қонақтарды опера труппасы, хор, миманс әртістері, сондай-ақ Қыдыр ата қарсы алды. Ұлттық аспаптар – жетіген, домбыра, қобыз, дауылпаздың үні естіліп, «Беташар» рәсімі көрсетілді. Раушан Ысқақова бастаған Алматы ауданы Ардагерлер ұйымының әжелері жаңа түскен келіннің бетін ашып, жиналған қауымға шашу шашты.

Іс-шара барысында ретро-инсталляция ұйымдастырылды. Тетар 60-70-ші жылдардағы шулы теміржол перронына айналды. Осындай сахналық қойылым көрерменді бірден баурап, шымылдық түрілмей тұрып махаббат хикаясы басталды.

«Айсұлу» операсы – тұңғыш қазақ комедиялық операсы.  Оқиға 1960-70 жылдардан сыр шертеді. Осыған орай, театр сол заманның бейнесін көрерменге ұсынып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1186759?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version