Бірлік күні аясында «Мәміле» сөйлеу клубының қатысушыларымен «Наурыз – көктем мерекесі» атты әдеби кеш ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шара барысында қазақ тілін меңгеріп жүрген өзге этнос өкілдері өз өнерлерін көрсетіп, Наурыз мерекесі, бірлік пен татулық туралы жүрекжарды өлеңдерін қазақ тілінде нақышына келтіре оқыды. Бұл – тілге деген құрмет пен елге деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі болды.
Кеш қонақтары жылы атмосферада бас қосып, көктемнің шуақты мерекесін бірге қарсы алып, достық пен ынтымақтың маңызын тағы бір мәрте сезінді.

Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы халқымыздың бірлігі нығайып, мемлекеттік тілдің мәртебесі арта берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1186860?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version