21 наурыз күні Омбы қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығының қолдауымен қазақтың ұлттық киімдер көрсетілімі өтті.
Іс-шара қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттауға, ұлттық дәстүрлерді сақтау мен ілгерілетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталды. Көрсетілім аясында қазақтың дәстүрлі киім үлгілерімен қатар, ұлттық нақыштан шабыт алған заманауи дизайнерлік шешімдер ұсынылды.
Қазақтың ұлттық киімдеріне тән ою-өрнектерге, рәміздерге және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дайындау тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Көрсетілім мәдени құндылықтардың сабақтастығын және олардың қазіргі замандағы өзектілігін айқын көрсетті.
Іс-шараға қазақ диаспорасының өкілдері, қоғамдық ұйымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ Қазақстан мәдениетіне қызығушылық танытқан Омбы облысының тұрғындары қатысты.
Осындай іс-шараларды өткізу халықтар арасындағы достықты, өзара түсіністік пен тату көршілікті нығайтуға, сондай-ақ өңіраралық деңгейдегі мәдени ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-omsk/press/news/details/1186775?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау