Барша әлемдегі ұлт пен ұлысты, ел мен елді теңестіретін көктемнің осы бір мейрамы жыл сайын жаңару мен жасампаздықтың мерекесі ретінде халқымызға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлап келеді.
Наурыз – жаңа дәурен мен жақсылықты айшықтайтын әрі өткенді саралап, бүгінді бағамдайтын, болашаққа бағыт – бағдар беретін ерекше сәт.
Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз. Әрқашан аспанымыз ашық, барлық игілікті істер табысты, еңбектеріміз жемісті болсын!
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ізгі тілекпен,
Қорғалжын аудандық
мәслихатының төрағасы Б. Рыспаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korgal/press/news/details/1186848?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау