Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында 150-ден астам жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті.
Кездесу барысында құрылым өкілдері, сондай-ақ қаржы институттарының басшылары жиналғандарға саладағы, соның ішінде мал шаруашылығы мен ветеринария бағытындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы кең мағлұмат берді.
Әсіресе, Ауыл шаруашылығы министрлігінің кешенді жоспары аясында іске қосқан жаңа несиелік бағдарламаларына айрықша назар аударылып, негізгі шарттары, алу тетіктері және артықшылықтары түсіндірілді.
Сонымен қатар, өңірлік кәсіпкерлер өздерін алаңдатқан өзекті мәселелерді көтеріп, саланы одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарын алға тартты.
Өз кезегінде вице-министр айтылған барлық бастамалар мен ұсыныстар мұқият қаралатынын және министрлік тарапынан қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Айта кетейік, жұмыс бағдарламасы аясында вице-министр аймақтың агроөнеркәсіптік кешен нысандарын аралап, тыныс-тіршілігімен танысатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1186803?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау