ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАҢА АТШАБАРДА КӨКПАРДАН ӨТКЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАН ТОП ЖАРДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Наурыз мейрамында Түркістан қаласындағы жаңа атшабардың ашылуына орай ұйымдастырылған көкпардан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бірнеше күнге созылған дүбірлі дода барысында қатысушы командалар жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетіп, жанкүйерлерге тартысты әрі әсерлі ойын сыйлады.
Халықаралық бәсекенің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы чемпион атанды. Олар финалда Өзбекстан көкпаршыларын 9:2 есебімен жеңді. Өзбекстан құрамасы екінші орынға ие болды. Ауғанстан командасы үздік үштікті түйіндесе, Ресей шабандоздары төртінші орыннан көрінді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттарға ие болды. Оларға медальдар, кубоктар және алғысхаттар табысталды. Сонымен қатар жүлде қоры да үлестіріліп, бірінші орын иегерлеріне 15 миллион теңге, екінші орынға 7,5 миллион теңге, үшінші орынға 4,5 миллион теңге берілді. Төртінші орын алған командаға 3 миллион теңге көлемінде сыйақы табысталды.
Айта кетейік, бұл жарыс ұлттық спорттың мәртебесін арттырып, көкпар ойынының халықаралық деңгейде дамуына серпін берген маңызды спорттық шаралардың бірі болды.
Жарысқа қатысушылар, мамандар Түркістандағы атшабарды жоғары бағалады. Алдағы уақытта бұл нысанда ат спорты түрлерінен сайыстар тұрақты түрде өтіп тұрады деп күтіліп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1187029?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version