Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/10 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 61 277 мың теңге:
салықтық түсімдер – 7 088 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 177 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
арнаулы түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімдері – 54 012 мың теңге;
2) шығындар – 62 058,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -781,5 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 781,5 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 781,5 мың теңге.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:
«2) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі әкімінің аппаратының күрделі шығыстарына;
3) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Айымжан ауылындағы сумен жабдықтаудың таратушы желілерін жөндеуге”.;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. 2026 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджеттік қаражаттың бос қалдықтары және 2025 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару есебінен ауылдық округ бюджетінің шығыстары осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес көзделсін».
көрсетілген шешімнің 1, 2, 3 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
шешім осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
- Осы шешім қабылданған кезден бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы Л. Топорова
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl-mirnyi/press/news/details/1187867?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау