22 Наурыз – Ұлыстың ұлы күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

22 наурыз – халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Көктемнің келуімен тұспа-тұс келетін бұл күн – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің символы.
Мереке барысында ұлттық салт-дәстүрлер дәріптеліп, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылды. Алаңдарда киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар ұсынылды. Әсіресе, наурыз көже таратылып, көпшілікке ақ дастархан жайылды. Сонымен қатар, ән мен күй шырқалып, ұлттық ойындар ойнатылды.
Жергілікті өнерпаздар концерт қойып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары да ерекше әсер қалдырды.
Наурыз мейрамы – татулық пен ізгіліктің мерекесі. Бұл күні адамдар бір-біріне ақ тілектерін айтып, өкпе-реніштерін ұмытып, жаңа бастамаларға қадам басады.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын, жылымыз берекелі, еліміз аман болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-alamesek/press/news/details/1187729?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version