Абай облысының полиция қызметкерлері ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен Астана қаласының 37 жастағы тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында анықталғандай, 2024 жылғы желтоқсанда ер адам «Toyota» маркалы автокөлікті сатамыз деп 38 жастағы Семей қаласының тұрғынынан ақша иемденген. Жәбірленуші көлікті сатып алу мақсатында күдіктінің қолына 5 300 000 теңге берді, алайда уәде етілген көлік оған жеткізілген жоқ.
Тергеу барысында күдікті жасаған әрекетін мойындады. Анықталғандай, алынған қаражат оның тарапынан жұмсалған және қазіргі уақытта қайтарылмаған.
Ер адамның әрекеттері алаяқтық деп танылды. Оған қатысты процессуалдық міндет ретінде – келуге міндеттеу шарасы қолданылды.
Полиция азаматтарды ірі мәмілелер жасағанда сақ болуға және сатушылар мен сатылатын мүлік туралы ақпараттың шынайлығын тексеруге шақырады.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау