Абай облысының аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және мектеп каникулы кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 26–28 наурыз аралығында «Демалыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтауға, ата-аналардың немесе заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамау фактілерінің алдын алуға, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесуге ерекше назар аударылуда.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы заңнама талаптары мен құқық бұзушылық үшін көзделген жауапкершілік туралы ақпарат берілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1187800?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау