Абай облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған қысқа мерзімді гранттар конкурсы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған қысқа мерзімді гранттар конкурсы басталды.

Қысқа мерзімді грант саны: 2

Біз төмендегі басым бағыттар бойынша жобаларды жүзеге асыруға дайын үкіметтік емес ұйымдарды іздейміз:
– Қоғамдық өмірге тарту бойынша жұмыстар көрсету, біліктілікті арттыруға жәрдемдесу,  көп балалы және аз қамтылған отбасылардың, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту;

  • Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды қайта әлеуметтендіруге жәрдемдесу.

⏳ Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 27 наурыз бен 16 сәуір аралығы, сағат 18:30-ға дейін

Өтініштерді қабылдау:
📧 Электрондық пошта: abaioblysy@cisc.kz

🏢 Немесе қағаз түрінде: Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 11/5 ғимарат, 5-қабат, 504/1-кабинет, сағат 9:00–18:30 арасында жүзеге асады.

✅ Конкурсқа тек ҮЕҰ деректер базасына тіркелген ұйымдар қатыса алады.

💻 Толығырақ ақпарат пен жобаларға қойылатын талаптарды мына сайттан қараңыз: https://cisc.kz/
→ «Гранттар» → «Гранттар туралы хабарландырулар».

☎️ Байланыс:
+7 (702) 984 98 06
+7 (7172) 79 04 31
+7 (7172) 79 08 07

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-social/press/news/details/1188745?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version