Құрметті мұнайшылар! Соңғы уақытта Жаңаөзен қаласында алаяқтық әрекеттері жиілеп келеді. Кімде-кім сізден ақша аудару, жеке деректерді бөлісу немесе күмәнді ұсыныстарға сену туралы сұраса, абай болыңыздар!
Сақтық шаралары:
✅ Тек ресми мекемелер мен ұйымдардың хабарламаларына сеніңіз.
✅ Белгісіз сілтемелерді ашпаңыз, жеке деректеріңізді бермеңіз.
✅ Күдік туындаса, дереу полицияға хабарласыңыз.
Қауіпсіздік – әрқайсымыздың қолымызда!
https://www.instagram.com/reel/DWET1gyjedo/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Құрметті аула тұрғындары!
Соңғы уақытта алаяқтық деректері жиілеп кетті. Қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда!
Сақтық шаралары:
🔹 Белгісіз нөмірлерден келген қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеңіз
🔹 Банк картасының деректерін (номер, CVV, SMS-код) ешкімге бермеңіз
🔹 «Ұтыс ұттыңыз», «шотыңыз бұғатталды» деген жалған хабарламаларға алданып қалмаңыз
🔹 Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз
🔹 Қажет болған жағдайда тек ресми ұйымдарға хабарласыңыз
⚠️ Есіңізде болсын: банк қызметкерлері ешқашан сізден құпия код сұрамайды!
👮♂️ Егер алаяқтық әрекеттерге тап болсаңыз – дереу полицияға хабарласыңыз.
Бір-бірімізді ескертіп, сақ болайық!
Қауіпсіз аула – ортақ жауапкершілік!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1188872?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау