Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында өткен салтанатты шара барысында тұрғындарға пәтер кілттері табысталды.
Бұл бастама Мемлекет басшысының халықты баспанамен қамту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр.
Аудан әкімі Асланбек Шүйіншалиев тұрғындарды Наурыз мейрамымен құттықтап, жаңа қоныс иелеріне жылы лебізін білдірді.
Оның айтуынша, өңірде халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.
Жаңа үйлер Алға қаласы, сондай-ақ Маржанбұлақ, Қарағаш, Нұрбұлақ, Есет батыр, Үшқұдық және Сарықобда ауылдарының тұрғындарына берілді
Айта кетейік, тұрғын үймен қамту – әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Бұл ретте өңірде алдағы уақытта да тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырыла береді
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tamdy/press/news/details/1188587?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау