Көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Ақжал кентіндегі «Шұғыла» мәдениет үйінде «Анам менің…» атты мерекелік салтанатты концерт өтті.
Бұл кеш — өмірдің иірімдерінен өтіп, әулеттің берекесін кіргізіп отырған абзал жандарға арналды. Мерекелік шараға:
«Батыр ана» атағының иегерлері;
«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері;
”Nova-Цинк” кәсіпорыннан зейнетке шыққан еңбек ардагерлері арнайы шақырылды.
Кент әкімдігі мен мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен бұл кеште аналарға ерекше құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер білдірілді, кент өнерпаздарының ән мен күйі, билері әдемі көніл-күй сыйлады.
Ерекше алғысымызды «Nova-Цинк» кәсіпорнына білдіреміз! Кәсіпорын басшылығы аналарымызға арнайы сыйлықтар үлестіріп жылдағыдай демеушілік көрсетті.
Аналарымыздың жүзінен күлкі, көңілінен көктем кетпесін! Мереке құтты болсын, аяулы жандар!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1188287?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау