Ақтауда профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурыз мерекесіне орай, Ақтау қаласында бөлімнің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – интернет алаяқтық, есірткі қылмыстары және ұрлықтың алдын алу. Азаматтарға құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша сақтық шаралары кеңінен түсіндіріліп, нақты ұсыныстар берілді.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды:

  • күмәнді интернет-сілтемелерге өтпеуге,
  • жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге,
  • заңсыз әрекеттерден аулақ болуға

шақырды.

Мұндай шаралар азаматтардың саналы қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, интернет және қаржылық қауіпсіздікті сақтауына ықпал етеді.

https://www.instagram.com/reel/DWMLzuhikfY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1188845?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version