Ақтөбелік математиктер — үздіктер қатарында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мақсаткерлік пен табандылық тағы да өз нәтижесін берді. Қостанай қаласында 9–11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың IV қорытынды кезеңі өтіп, онда біздің оқушылар өңір намысын абыроймен қорғап, математика және информатика пәндері бойынша жоғары жетістіктерге қол жеткізді.

Математика пәні бойынша ерекше көзге түскен оқушылар:
 I орын — Мәлік Нұртай
 II орын — Бердімұрат Ахмет, Жақсылық Шерхан
 III орын — Сармесов Ерболат, Ернар Арнат, Тақауов Алдияр

Информатика пәні бойынша да жоғары нәтижелер тіркелді:
 I орын — Шөкей Бауыржан
 II орын — Ермуханов Ислам, Бисенов Ануар

Бұл жетістіктер — қажырлы еңбектің, табандылықтың және білімге деген ұмтылыстың нәтижесі. Оқушыларымыз тағы бір мәрте Ақтөбе мектебінің дарынды әрі білімді жастар ордасы екенін дәлелдеді.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1188111?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version