Көкшетау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Көкшетау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ және Көкшетау қаласының Полиция басқармасымен бірлесіп, қоғамдық тамақтану нысандарында профилактикалық рейдтік іс-шара өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіпкерлік субъектілері мен қызмет көрсетуші персоналға Қазақстан Республикасының газ баллондарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарын жеткізу, сондай-ақ ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу болды.
Рейд барысында мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мекеме қызметкерлерін нормативтік құқықтық актілердің негізгі талаптарымен таныстырды, ақпараттық-профилактикалық материалдар таратып, газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану бойынша практикалық ұсынымдар берді.
Мұндай іс-шараларды өткізу кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілік деңгейін арттыруға ықпал ететіні, өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол бермеуге, сондай-ақ қоғамдық тамақтану нысандарының келушілері мен қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/1189044?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау