Аудан әкімінің есебі мақұлданды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Райхан Ғабдуллинаның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтіп, онда депутаттармен аудан әкімі Әсет Құрманғожиннің 2025 жылдың қорытындылары бойынша жүктелген міндеттерін орындау мен аудандық әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарларын іске асыру қорытындылары бойынша есебін тыңдалып, мақұлданды.

Өз есебінде Ә.Құрманғожин депутаттарды аудан экономикасын одан әрі дамытуға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстар, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен міндеттер туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Есепті талқылау қорытындысы бойынша депутаттармен аудан әкімінің есебін мақұлдау және бекіту туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, енгізілген күн тәртібіне сәйкес, мәслихаттың бюджет, қаржы және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі, аудан бюджетіне, консультативтік-кеңесші органның құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zerendi/press/news/details/1188651?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version