Аустрия Орталық Азия елдерімен парламентаралық ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Вена, 2026 жылғы 26 наурыз – Аустрияның Орталық Азия өңірімен өзара іс-қимылды жандандыруы, сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастық форматын дамыту аясында Орталық Азия елдері мен Моңғолия елшілерінің Аустрия парламентінің достық тобы мүшелерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында аустриялық достық тобының басшысы, Ұлттық кеңес депутаты Мартин Хофер Орта Азияның жаһандық саясаттағы маңызының артып келе жатқанын атап өтіп. Еуропалық одақ үшін өңірдің стратегиялық маңызын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Аустрия Орталық Азия мемлекеттерімен әріптестікті кеңейтуге айрықша мән береді және түрлі салаларда сындарлы ынтымақтастықты дамытуға ұмтылады. Парламентаралық өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, Аустрия мен Орта Азия елдерінің ортақ ұстанымдары, соның ішінде демократияны нығайтуға деген ұмтылысы бар екені айтылды.

Қазақстан Республикасының Елшісі Мұхтар Тілеуберді өз кезегінде Қазақстан-Аустрия қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары туралы атап өтті. Сонымен қатар, аустриялық депутаттары, достық тобының мүшелеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан саяси реформалар, елдің ішкі және сыртқы саяси басымдықтары жөнінде айтардықтай ақпаратты жеткізді.

Қазақ Елшісі кездесу барысында жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі ісшаралар және референдумның нәтижесіне ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы ұсынған негізгі заңдағы басты жаңашылдықтар, жаңа Құрылтадыйң құрылуы, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту мәселелері кеңінен таныстырды.

Сонымкен қатар М.Тілеуберді парламентаралық ынтымақтастықтың кең форматтағы өзара іс-қимылдағы маңыздылығын атап өтті. Елші екі ел парламентаралық байланыстардың белсенділігі артып келе жатқанын атап өтті.

Орта Азия елдері мен Моңғолия елшілері де өз мемлекеттеріндегі реформалардың жүзеге асырылу барысы мен аустриямен екіжақты байланыстар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, олар альп республикамен, яғни Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы және Парламентаралық одақ сияқты көпжақты құрылымдар аясында парламентаралық байланыстарды дамытуға қызығушылық білдірді.

Аустриялық депутаттар Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асыру үдерісін құптап, биылғы қыркүйек айында Қазақстанға сапармен бару жоспарымен бөлісті, Бұл қадам парламентаралық диалогқа қосымша серпін беретінін сенім білдірді.

Кездесу соңында М.Хофер әріптестері атынан Орталық Азия елдері мен Моңғолиямен байланыстарды нығайтуға дайын екенін білдіріп, өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді шешуге ықпал ету ниетін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1188049?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version