БӘЙДІБЕК: ЖОЛҒАБАС ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев Жолғабас елді мекенінде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік нысанның құрылыс жұмыстарымен танысты.
 
Алғашқы нысан – “Ардагерлер саябағын” ағымдағы жөндеу жұмыстары. Жоба аясында сквер аумағы толық абаттандырылып, жаяу жүргіншілер жолдары төселген. Сонымен қатар, монумент, орындықтар мен қоқыс жәшіктері, беседкалар, жарық шамдар және қоршау құрылымдары орнатылған.
 
Екінші нысан – “Балалар ойын алаңшаларын” салу жұмыстары. Бұл жоба арқылы ауыл тұрғындары үшін қолайлы демалыс және спорт инфрақұрылымы қалыптасуда. Құрылыс барысында аумақ абаттандырылып, заманауи ойын және спорт құрылғылары, орындықтар, жарықтандыру жүйелері мен қоршаулар орнатылуда.
 
Қазіргі таңда нысандағы жұмыстар аяқталу сатысында, пайдалануға беру ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланған.
 
Бақыт Қырғызалиев құрылыс жұмыстарының сапасына және мерзімінде аяқталуына ерекше мән беріп, мердігер мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, аталған нысандар ауыл тұрғындарының игілігіне қызмет етіп, олардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды жобалар екенін атап өтті.
 
Жалпы, Жолғабас елді мекенінде жүзеге асырылып жатқан бұл жобалар ауылдың инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға оң ықпал ететін болады.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1188081?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version