Балалардың көктемгі демалысы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы аумағында көктемгі демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстар күшейтілуде.

Көктемгі демалыс – балалар үшін демалыс пен серуен уақыты болғанымен, осы кезеңде олардың қауіпсіздігі ерекше назарда болуы тиіс.

Полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында тиісті шараларды жүзеге асыруда.

Құқық қорғау органдары ата-аналарды балалардың бос уақытын бақылауға, кешкі уақытта қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге шақырады.

Сондай-ақ оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, қауіпті ойындардан аулақ болу және заң талаптарын қатаң ұстану қажеттігі ескертіледі.

👨‍👩‍👧‍👦 Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1187753?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version