2026 жылдың бірінші тоқсанында қайта мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген 9 орта білім беру ұйымы (9-ы да мемлекеттік) бару арқылы профилактикалық бақылауға жатқызылды:
- Береке негізгі мектебі (Уәлиханов ауданы)
- Аққұдық негізгі мектебі (Уәлиханов ауданы)
- Қаратерек орта мектебі (Уәлиханов ауданы)
- Шағырсай негізгі мектебі (Уәлиханов ауданы)
- Қызылту орта мектебі (Ақжар ауданы)
- Смағұл Сәдуақасов атындағы Ұялы орта мектебі (Ақжар ауданы)
- Белоградов орта мектебі (Тимирязев ауданы)
- Хмельницкий орта мектебі (Тимирязев ауданы)
- Қарағанды орта мектебі (Мағжан Жұмабаев ауданы)
Профилактикалық бақылау барлық 9 мектепте жүргізілді.
Профилактикалық бақылаудың жалпы қорытындысы:
-қайта аттестаттаудан өтпеуге себеп болған МЖББС бұзушылықтары 8 мектепте жойылды. Оларға «Аттестатталды» деген нәтижемен қорытынды берілді;
-1 мектепке (Қаратерек ОМ) «Аттестатталмады» деген нәтижемен қорытынды берілді;
-1 мектепте (Қызылту ОМ) тексеру парақтарының тармақтары бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ;
-қалған 8 мектепте тексеру парақтарының басқа тармақтары бойынша сәйкессіздіктер анықталып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1188084?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау