Бөлімнің ювеналдық полиция тобының инспекторлары, жедел уәкілдері және патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Батыр ауылындағы «№15 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
📍 Іс-шара аудан көлемінде ұйымдастырылып жатқан «Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілді.
👮♂️ Кездесу барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🎯 Іс-шараның басты мақсаты — кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
⚠️ Түсіндіру жұмыстары келесі мәселелерді қамтыды:
- Буллинг және кибербуллинг
- Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу
- Интернет-алаяқтықтан сақтану
- Есірткі қылмыстарының алдын алу
- Топтасып төбелесудің құқықтық салдары
- Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін сақтау
🔒 Оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік және қауіпсіз мінез-құлық қағидалары кеңінен түсіндірілді.
https://www.instagram.com/reel/DWA26XWil4M/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1188895?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау