Бейнеу ауданында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бейнеу ауданы полиция бөлімі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтау деңгейін арттыру.

Шара барысында полиция қызметкерлері жүргізушілерге:

  • жылдамдық режимін сақтау;
  • қауіпсіздік белдігін тағу;
  • көлікті мас күйінде басқармау;
  • жол белгілеріне бағыну қажеттігін түсіндіруде.

Жаяу жүргіншілерге жолды тек белгіленген жерлерден өту ескертілуде. Әсіресе, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлініп, ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау және жолда сақ болуды үйрету қажеттігі айтылуда.

Жол – ортақ жауапкершілік аймағы. Әрбір қатысушының тәртіптілігі мен жауапкершілігі – адам өмірінің кепілі.

Жол ережесін сақтаңыздар! Өз өміріңіз бен өзгенің өміріне бейжай қарамаңыздар!

Бейнеу ауданы Полиция бөлімі

https://www.instagram.com/reel/DWY5n4cjPIP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1189028?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version