Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті қырықыншы сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті қырықыншы сессиясы өтті.

Сессия жұмысына ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары, БАҚ өкілі  қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша: Ақсуат аудандық мәслихатының төрағасы Оразғалиев Жандос Қанатұлы «Ақсуат аудандық мәслихатының 2025 жылы атқарған жұмысы туралы» баяндама жасады.

          Негізгі мәселелер бойынша: «2025 жылғы Ақсуат ауданының бюджеттің орындалуы туралы»  аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Әбілбеков Арман Төлуғазыұлы, «Ақсуат ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы» Ақсуат ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Есембаева Динара Мұсағалиқызының хабарламасы тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

Әртүрлі мәселелер аясында:

              Ақсуат аудандық жер комиссиясының құрамын және жер комиссиясы туралы үлгі ережесін бекіту туралы;

             Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/5-VIII «Ақсуат ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

             Ақсуат ауданы бойынша 2026 жылға шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы мәселелерде өз шешімін тапты.

 

Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aksuat/press/news/details/1188800?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version