Digital Qazaqstan 2026 форумы алаңында «Еуразияның цифрлық байланыстылығы: телеком-желілер және деректер инфрақұрылымы» панельдік сессиясы өтті.
Дискуссия барысында қатысушылар телекоммуникациялық инфрақұрылымды цифрлық экономиканың негізі және Қазақстанның транзиттік әлеуеті ретінде дамытуды талқылады.
Байланыс желілерінің эволюциясына – базалық және магистральдық инфрақұрылымнан бастап жаңа буын желілеріне дейін, деректерді берудің трансшекаралық маршруттары мен дата-орталықтарды дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық хаб ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.
Панельдік сессия қатысушыларының қатарында GSMA стратегияны дамыту жөніндегі директоры Таир Исмаилов (модератор), ҚР ЖИЦДМ Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Олжас Кабенов, Халықаралық электр байланысы одағының ТМД өңірі бойынша өңірлік бөлімшесінің директоры Наталья Мочу, Freedom Cloud директоры Темірлан Зиналабдин, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ стратегия және сыртқы активтерді басқару жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейрманов сөз сөйледі.
«Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымдағы тәуелсіздігі — бұл меншікті хабты және деректерді берудің баламалы маршруттарын, соның ішінде Каспий теңізі арқылы дамыту болып табылады. Бұл ретте жаңа технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу телеком-инфрақұрылымның дамуымен тікелей байланысты», – деп атап өтті ҚР ЖИЦДМ Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Олжас Кабенов.
Сессия қорытындысы бойынша қатысушылар телекоммуникациялық инфрақұрылымды, халықаралық байланыс арналарын және дата-орталықтарды одан әрі дамыту Қазақстанның Еуразиядағы цифрлық транзиттік торап ретіндегі ұстанымын нығайтудың негізгі факторы болатынын баса айтты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1189017?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау