ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ IT ДОДАЛАРДЫҢ БІРІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Decentrathon 5.0 хакатонының ресми ашылуында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев сөз сөйледі. Қазақстанның 20 қаласында бір уақытта өтіп, бүкіл елдің әзірлеушілерін бір арнаға тоғыстырған ауқымды алаң болып жатыр.

Цифрлық трансформация шынайы нәтижеге тек бүкіл ел көлемінде жүзеге асқанда ғана жетеді. Бүгінде технологиялық көшбасшылық тек инфрақұрылымға немесе инвестицияға байланысты емес. Ең бастысы – адам капиталын дамыту және сапалы технологиялық шешімдер жасау. Өздеріңіз білетіндей, 2026 жыл Қазақстанда жасанды интеллект пен цифрландыру жылы болып жарияланды. Қазір – таланттарды жұмылдыру кезеңі. Біз түсінеміз: өңірдегі ең ірі AI-хабқа айналу үшін дайын технологияларды сатып алу жеткіліксіз, оларды өзіміз жасауымыз қажет. Ал сіздер сол жолда еңбек етіп келесіздер, – деді Жаслан Мадиев.

Decentrathon жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен 3000-нан астам әзірлеушіні біріктіріп, жаңа идеялар мен мықты командалардың қалыптасуына жол ашатын жоба. Алдыңғы жылдарда жүлделі орындардың едәуір бөлігі өңірлік командаларға тиесілі болған екен. Бұл технологиялық әлеуеттің тек ірі қалаларда ғана емес, елдің барлық өңірінде дамып келе жетқанының айқын дәлелі. Бүгінде мұндай ауқымдағы мультилокациялық формат халықаралық деңгейде де үлкен қызығушылық тудырып отыр. Жыл сайын хакатонды әлемдік жетекші компаниялар қолдап келеді. Олардың қатарында McKinsey & Company (QuantumBlack), Mastercard, Binance, inDrive және Solana Foundation компаниялары бар екен. Бұл олардың Қазақстанның жас таланттарымен жұмыс істеуге дайын екенін көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1188752?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version