Елордада «Қаллеки тынысы» спектакльдер шеруі қорытындыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылған «Қаллеки тынысы» спектакльдер шеруі өз мәресіне жетті.

21–27 наурыз аралығында көрермендерге соңғы бір жылда сахналанған премьералар ұсынылды. Әрбір қойылымға театр сыншылары кәсіби баға берді. Бағдарлама аясында актерлік шеберлікті дамытуға бағытталған шеберлік сабақтары өткізілді.

Көрермендердің дауыс санының қорытындысы бойынша «Үздік актер» аталымы Жанат Оспановқа, «Үздік актриса» атағы Инабат Әбеноваға берілді. Қазылар алқасының шешімімен де «Үздік актер» атағы Жанат Оспановқа табысталып, «Үздік актриса» аталымы бойынша Айкөркем Тұранова үздік деп танылды.

«Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» аталымында Ұлан Қабыл жеңімпаз атанса, «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» Ботагөз Мақсұтоваға берілді. «Үміт» номинациясына Қайыржан Садықов ие болды. Қазылар алқасының арнайы жүлдесі Айнұр Жетпісбаеваға табысталды. Ал «Театр тарланы» құрметті сыйлығымен Қазақстанның Халық әртісі Тлектес Мейрамов марапатталды.

Сонымен қатар шарада мәдениет қайраткерлері мен кәсіби қауымдастық өкілдерінің арнайы жүлделері де табысталды.

Премьералық қойылымдарды насихаттауға, актерлік шеберлікті дамытуға және театр өнерін кеңінен дәріптеуге бағытталған «Қаллеки тынысы» шеруі жыл сайын өткізіліп келеді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1189058?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version