Мыналарды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады:
-егер Қазақстан Республикасы оларды өткізу орны болып табылса, осы Кодекстің 48-тарауында көрсетілген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;
-Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан əкелінген тауарды жөндеу бойынша, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, көрсетілетін қызметтер.
Осы Кодекстің 515-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар осы тармақшада көрсетілген қызметтердің көрсетілгенін растайтын құжаттар болып табылады.
Осы тармақшада көрсетілген қызметтердің тізбесін уəкілетті орган бекітеді;
-Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісіне көрсететін халықаралық байланыс қызметтері.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1188077?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау