Мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сөйлеу дағдыларын дамыту, тілдік кедергілерді жеңу арқылы тиімді қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, және мемлекеттік тілде құжат ресімдеу сапасын арттыру.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету және Шымкент қаласы әкімінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен қаланың орта мектеп директорларының қатысуымен педагогтердің кәсіби этикасы мен кәсіби дағдыларын және мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыруға арналған «Кәсіби этика, педагогикалық дағдылар және құжат тілі» тақырыбында семинар болып өтті.
Аталған іс-шара білім беру саласы мамандарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге, педагогикалық мәдениетін арттыруға және ресми құжаттарды мемлекеттік тілде сауатты ресімдеу дағдыларын дамытуға бағытталды.
Семинар бағдарламасы аясында:
«Адал азамат: педагог этикеті – құндылықтар бастауы» тақырыбында Меруерт Асқарбекқызы Медетбекова
Өрлеу БАҰО АҚ Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты директоры, ф.ғ.к баяндама оқыды.
«Ұлт тұлғаларының ұлағаты» тақырыбында Абай Қалшабек
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын аудармашы, ПШО аға менеджері баяндама оқып бөлісті.
«Құжат тілінің сипаты, ерекшеліктері, қазіргі құжат жасау және басқару қағидалары» тақырыбында Айткүл Абумаликқызы Жумаева Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізу курсының мұғалімі
Баяндама оқып түсіндірме жұмыстары жүргізді.
https://www.facebook.com/share/p/1B3HMTNGM3/
Шымкент келбеті газеті
https://www.facebook.com/share/p/14XeCsTarwW/
HAN-NV
https://youtu.be/ZNLwjafu1ho?si=xegXJoURxZl7AAli
https://www.instagram.com/reel/DVbjAzXjQUa/?utm_source=ig_web_copy_link
Өрлеу шымкент
https://www.instagram.com/reel/DVdYz0giEj0/?utm_source=ig_web_copy_link
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-til/press/news/details/1188632?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау