Көктемгі каникул – тек демалыс емес, рухани жаңғыру мен танымға бастайтын ерекше мүмкіндік
Аққулы ауданының оқушылары үшін көктемгі демалыстың алғашқы күндері қызықты сапармен басталды.
Аудандық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес, «Жас саяхатшы» жобасы аясында оқушылар қасиетті Түркістан қаласына экскурсияға барып келді.
Бұл сапар – тек саяхат емес, тарихпен тілдесу, өткеннің ізімен жүріп, ұлттық құндылықтарды жүрекпен сезіну болды.
Оқушылар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Арыстан баб кесенесі сияқты киелі орындарды аралап, олардың терең тарихы мен тағылымды аңыздарына қанық болды.
Әрбір қадам – тағылым, әрбір көрген нысан – тұнған тарих. Түркістанның рухани тынысы, қасиетті мекендердің сырлы шежіресі оқушылардың жүрегіне ерекше әсер қалдырды.
Осындай тағылымды сапарлар жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп, отансүйгіштік сезімін оятады.
Аққулы ауданының оқушылары үшін көктемгі каникул жаңа білім мен жарқын әсерлерге толы есте қалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1188657?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау