Конституциялық Сот: сот практикасымен келіспеушілік конституциялық бақылауға негіз болмайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Сотқа «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңның 104-бабы 3-тармағының және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 44-1-бабының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы ұжымдық өтініш келіп түсті.

Өтініш берушілер жеке сот орындаушысының қаулылары негізінде тұрғын және тұрғын емес үй-жайларға меншік құқығын тұрғын үй-құрылыс кооперативінің атына тіркеуге дау айтқан. Олардың айтуынша, кооператив құрылыс салушымен жасалған келісім негізінде мүлікті беру туралы заңды күшіне енген сот шешімдеріне қарамастан, объектілерді қабылдаудан бас тартқан.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар тіркеуді заңсыз деп тануға негіздер жоқ деген қорытындыға келген.

Өтініш берушілердің пікірінше, дауланып отырған нормалар тұрғын үй-құрылыс кооперативі мен оның пайшыларының келісімінсіз меншік құқығын тіркеуге мүмкіндік берген, бұл мүліктік құқықтарға араласуға, залал келтіруге және қосымша сот дауларының туындауына әкеп соққан. Сондай-ақ берілген объектілерге ауыртпалықтардың бар екені және олардың құқықтық мәртебесінің айқын еместігі көрсетілген.

Конституциялық Сот дауланып отырған нормалардың өздері нақты конституциялық құқықтар мен бостандықтарды тікелей қозғамайтынын атап өтті. Өтініштің мәні бойынша келтірілген дәлелдер жалпы юрисдикциядағы соттардың мән-жайларды бағалауымен келіспеушілікке саяды.

Осыған байланысты Конституциялық Сот құқық нормаларын қолданудың дұрыстығын және нақты мән-жайларды анықтауды тексеру оның құзыретіне жатпайтынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1188172?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version