Ағымдағы жылғы 27 наурызда мәслихат төрағасы Ә. Балташев мәслихаттың кезекті 45 сессиясының отырысын өткізді, оның күн тәртібінде келесі мәселелер қамтылды:
1) Жер ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы: Аршалы ауданында жер учаскелерін алып қою, резервке қою және аукциондық өткізу.
2) Ауданның мәдениет мекемелерінің жағдайы мен дамуы, бұқаралық спортты және балалар-жасөспірімдер спорт секцияларын дамыту;
3) Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы; 4) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 37/7 «Аршалы ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
5) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясындағы негізгі мәселе туралы.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша шешімдер шығарылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-arshali/press/news/details/1188843?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау